18.07.2018, 16:09
Оқылды: 32

«Депутатқа тек жақсыны көрсету дұрыс емес»

TerektaБұл - Теректі ауданына жұмыс сапарымен келген  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кеңес Абсатировтың пікірі.


"Қоғамда депутат келсе, тек жақсы нәрселер айту керек" деген орынсыз пікір қалыптасқан. Депутат - елдің, халықтың сөзін сөйлеуші. Өтініштеріңіз, сұрақтарыңыз болса, қымсынбай қойған абзал. Ауылдық жерлерге ат басын бұрған халық қалаулыларына тек жақсы нәрсені ғана көрсету дұрыс емес,-деді өз сөзінде ҚР Кеңес Ғарапұлы.

Сапар барысында халық қалаулысы жыл басында күрделі жөндеуден өткен орталық аурухана ұжымымен кездесті. Мәжіліс депутатын аудан әкімі Кәрім Жақыпов, аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов және аудандық орталық аурхана басшысының орынбасары Людмила Воронина қарсылап, аурухананың бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Депутат аурухананы түгелдей аралап, ақ халаттылардың мұң-мұқтаждарын тыңдады. Кездесу барысында дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі, кіші қызметкерлердің жалақысының төмендігі сөз болды. Сонымен қатар ауруханада жас мамандар санының аз екендігіне де екпін түсірілді.

-Менің байқауымша, аурухана қызметкерлерінің дені егде тартқандар екен. Әрине, тәжірибелі, көпті көрген дәрігерлер қажет-ақ. Алайда жас кадрларды ауылға тартуды қолға алу керек. Білімді, білікті жастар тек қалаға емес, ауылға да қарай ағылғаны жөн, - деді К.Абсатиров.

Естеріңізге сала кетейік, аудандық орталық аурухана 33 жылдан кейін күрделі жөндеу көріп, оған бюджеттен 480 млн. теңге бөлінген болатын.

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале