Бөкей Ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов жастар жылына орай жас мемлекеттік қызметкерлерді қабылдады.
Алғашқы кезекте аудандық қаржы бөлімінің басшысы Раушан Абдоллина жас мамандарға үлкен демеу боп отырған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жайлы әңгімелесе, Сайқын ауылдық окургі әкімдігің бас маманы Бисен Қадыров мемлекеттік қызметкерлер алдымен туған еліне, жеріне адал қызмет ету керектігін айтты. Ал Мұратсай ауылдық округі әкімдігінің маманы Ақұштап Ғұмар жеке өзі үшін кәсіпкерлік пен мемлекеттік қызметтің бірін таңдау таразыға түскенде, екіншісіне тоқталғанын айтып, жас мамандардың білімін жетілдіру курстары жиі ұйымдастырылса деген тілегін жеткізді.
Жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Әжіғалиев өздерінің қызмет бабындағы өсу жолдарын баяндап, білімді, іскер маманға қай кезде де жол ашық екендігін сөз етті.
Ұлпан Әнуарқызы
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер