Көршілес Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев бастаған делегация Бөкей Ордасы ауданының Хан ордасы ауылына келді
Көршілес жатқан екі аудан арасындағы бұл қарым-қатынас «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, яғни, осыдан бір жыл бұрын қабылданған меморандум негізінде жүзеге асып отыр. Ауданаралық әріптестікті нығайтуды көздеген бұл шараның берері мол. Өзара тәжірибе алмасып, екі ауданға ортақ түйткілді мәселелерді шешу жолын бірге табуды мақсат еткен кездесу барысында да бой сергіткен спорттық шара, ой қосқан, пікір туғызған келелі әңгіме, көңіл сергіткен әуенді бағдарлама көптің көңілінен шықты.
Дөңгелек үстел басында бас қосқан екі аудан басшылығы ауыл шаруашылығын дамыту тұрғысында біраз мәселелерді қозғады. Құрманғазы ауданы әкімі Қайрат Нұртаев Балқұдық шекара бекеті шектеулі режим жұмысын ауыл тұрғындары үшін оңтайландыру ісін бірге атқаруға шақырды. Әрі Бөкей құмында орналасқан Балқұдық шекарасының 2-3 шақырымын қоршау мәселесі айтылды.
«Татулық – достық кілті» тақырыбында өткен бұл басқосу соңында Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев бөкейлік әріптестерін өз төріне шақырды.
Раушан Бақытова
Еркебұлан Рахметолла
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер