22.11.2019, 11:47
Оқылды: 13

Тұрғындар талаптары тыңдалды

Бөкей ордасы аудандық мәдениет үйінде «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» жалпыреспубликалық іс-шарасы өтті. Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов пен құқық қорғау органдары, аудандық органдар мен коммуналдық мекемелер басшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

orda priem

Шараға келген сайқындық Серік Құрманғалиев пен мұратсайлық Гүлмираш Аманғалиева тұрақты жұмыс керектігін айтса, Айнагүл Елекенова тұрғын үй мәселесі бойынша жолықты. Денсаулығының кінәраты бар сәби тәрбиелеп отырған сайқындық Гүлсезім Фазылова да осы баспана мәселесімен келіпті. Мүгедек бала өсіріп отырған отбасы ретінде үй беріле ме деген сауалына толыққанды жауап берілді. Ол үшін бала арнайы тексерістен өтіп, есепке алыну керектігі, мүгедектікті тағайындау облыс орталығындағы арнайы мекеме МСЭК-тың құзыретінде екені түсіндірілді.

Еркебұлан Рахметолла

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале