29.11.2019, 19:10
Оқылды: 18

Бөкей ордасында «Бизнес бастаудың» белсенділері марапатталды

Бөкей ордасы аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік бағдарлама аясында жаңадан іс бастап, бизнеске бет бұрған бөкейліктер марапатталды.

orda biznes (1)

Алдымен аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Бизнес Бастау» жобасы негізінде мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алып, бағдарлама игілігін көріп отыран жас кәсіпкерлерді құттықтап, бастамаларына сәттілік тіледі.

Айта кетелік, фойеде кәсіпкерлер өнімдері мен үкімет ұсынған қаржыға алынған техникалық жабдықтар көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеге негізінен түрлі тәттілер мен фастфудтар, сүт өнімдері, шаш қию, сән, фото салондарына алынған жабдықтар, жиһаз салонынан шыққан өнім суреттері, балақайлардың туған күні мен мерекесіне ерекше рең сыйлайтын аниматорлар жұмысы қойылды.

Аудан әкімі Н.Рахымжанов «Бастау Бизнес» жобасы аясында мемлекеттік грант алып, "Балалар кафесі" жобасын дөңгелетіп отырған Алтынгүл Қабдолова, "Кулинария" жобасының авторы сайқындық Диляра Ғабдоллина және "Қымыз шығаруды" қолға алған бисендік Менболат Ғиниятов тағы басқа аудан кәсіпкерлеріне алғыс хат тапсырды.

Ал енді шағын ауылда отырып, жартылай фабрикатты дайындауды қолға алған Жанар Сағынғалиева, құрт шығаруды кәсіп көзіне айналдырған Гүлжауһан Ғатауова, сантехникалық қызмет ұсынып жүрген Сәтжан Кенжеғалиев, нан пісіру шебері Шынар Батыршынова, несібесін құстан айырған Райхан Абдуллиналар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарсының алғыс хатын иеленді.

Раушан Бақытова

Бөкей ордасы ауданы

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале