Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезекті ХХХІV сессиясында Бөкей ордасы ауданының үш жылдық бюджеті бекітілді. Аудандық қаржы бөлімінің басшысы Раушан Абдоллина «Бөкей ордасы ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» баяндама жасады.
Сонымен, алдағы үш жылдағы ауданның бюджеттік портфелі келесідей толықтыру, өзгертулермен депутаттар назарына ұсынылды.
Кіріс – 5 085 735 мың теңге. Соның ішінде салықтық түсімдер – 501 517 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 15 099 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 095 мың теңге; трансферттер түсімі – 4 566 024 мың теңге; ал субвенция 3 135 136 мың теңге. Таза бюджеттік кредиттеу – 71 631 мың теңге, бюджеттік кредиттер – 99 413 мың теңге, бюджеттік кредиттердің өтеуі – 27 782 мың теңге.
Республикалық, облыстық даму, нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы – 1 530 301 мың теңге көлемінде ескеріліп, оның 99 413 мың теңгесі бюджеттік кредит. 1 270 337 мың теңге республикалық бюджеттен трансферттер әр сала бойынша келесідей сипатта бөлінді.
Алдағы жылдан бастап, мектеп мұғалімдерінің жалақысы артатынынан қалың жұртшылық жарты жыл бұрын құлағдар болған еді. Білім саласына – 699 961 мың теңге; оның - 14 843 мың теңгесі мектепке дейінгі мекеме педагогтарының еңбекақысына қосылса, 1 000 мың теңге осы санаттағылардың біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге қарастырылған. 211 735 мың теңге мектеп мұғалімдерінің еңбекақысын арттыруға, 201 411 мың теңге біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге қарастырылып отыр. Аудан орталығындағы М.Мәметова мектебінің күрделі жөндеу жұмысына 269 972 мың теңге бөлінді.
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласына 209 763 мың теңге қарастырылды. Оның 102 785 мың теңгесі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге, 14 891 мың теңгесі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетке, 2 977 мың теңгесі мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, 435 мың теңге техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар тiзбесiн кеңейтуге қарастырылды.
Жастар практикасына – 40 958 мың теңге, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттарға (100 АЕК) – 5 302 мың теңге, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттарға (200 АЕК) – 13 255 мың теңге бөлінген.
Мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге – 8 350 мың теңге бөлінді.
Жалақысына үстеме қосылғандардың бірі мәдениет қызметкерлері. Бұл сала үшін 40 678 мың теңге қарастырылды.
Бюджет портфелінің қомақты сомасы сәулет, қала құрылысы саласына бұйырды. Жалпы сомасы 319 935 мың теңгені құрайтын бұл қаржы 26 екі пәтерлі екі бөлмелі тұрғын үй құрылысының инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымына, Үштеректегі су құбырын жаңартуға, Шоңайдағы су құбырының құрылысына жұмсалмақшы.
Облыстық бюджеттен бөлінге трансферттер сомасы – 160 551 мың теңге. Осы сома жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар бөлуге ( 6 893 мың теңге), қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға (13 239 мың теңге), Мұратсай және Шоңайдағы су құбырларын жаңарту мен құрылыс жұмыстарына (81 568 мың теңге), Сайқындағы жаяу жүргінші жолының құрылысына (49 251 мың теңге), тұрғын үй сертификаттарын беруге (9 600 мың теңге) қарастырылған.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауылдық жерлерде қызмет ететін әлеуметтік сала мамандарының (денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария) саласының азаматтық қызметкерге осы қызмет түрлерімен қалада айналысатын азаматтық қыметкерлердің ставкаларымен салыстырғанда лауазымдық жалақыларын 25% - ға көтеру белгіленіп отыр.
Ұлпан Әнуарқызы
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер