Бөкей ордасы ауданы орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы шеңберінде ұйымдастырылған «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы эстафетасын табыстау шарасы өтті.
Аудан эстафетаны көршілес Жаңақала ауданынан қабылдады.
Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов бастаған бөкейліктер қонақтарын қозы көш жерден ақ ұсынып, ыстық ықыласпен қарсылап алды.
Кейін қонақтар ҰОС батыры, ұлт мақтанышы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүлшоқтарын қойып, тағзым етті.
Шара барысында бес бірдей диалог алаңы ұйымдастырылып, бүгінгі қоғам үшін аса маңызды тақырыптар бойынша пікір алмасты.
БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов бастаған облыс орталығынан арнайы келген шара қонақтары да диалог алаңындағы пікірталастың көркін қыздырып, шара мазмұнын аша түсті.
Мәдениет үйінің фойесінде жаңақалалық қолөнер, қылқалам мен фотосурет шеберлерінің туындылары көпшілік назарына ұсынылды.
Шара соңы Жаңақала ауданы өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен түйінделді.
Ұлпан Жакина
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер