Бөкейліктер Қазақстан халықтар Ассамблеясы 25 жылдығы аясында қолға алынған "Тұңғыш Президент жолымен" халық экспедициясы эстафетаны табыстау үшін Жәнібек ауданына келді.
Бөкейліктер көшін Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев бастаған ауылдың аға буыны мен атқа мінерлері қарсы алды. Ақ ұсынылып, қызыл бауырсақтан дәм татты.
Тұтас ұлттың мақтанышы, ұлы ойшыл Ғұмар Қараштың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Экспедиция сапары бес диалог алаңында жалғасты.
Аудан әкімдігі ғимаратында өткен диалог алаңында Ассамблеяның жұмысы туралы айтылып, жетістіктері сарапталды. Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов шара маңызына тоқталып, басты мақсатымыз ел мен билік арасындағы сенімділікті қалыптастыру деп атап өтті.
Ұлпан Жакина
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер