Наурыз айының басында Зеленов ауданы Озерное ауылының тұрғыны Андрей Терновойдың ауласынан белгісіз біреу екі көжекті ұрлап кеткен.
Осылайша ауыл тұрғынын 10 мың теңге шығынға батырған ұры қолға түсті. Бұл күндері қылмысын мойынына алған С. есімді ауыл тұрғыны көжектерді қайтармаған. Іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Түгелбай Бисенов
Зеленов ауданы