22.09.2015, 10:04
Оқылды: 23

Ақжайық ауданының әкімі сирень талын екті

Akajyik akim siren talin ekti    Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов ең шалғай жатқан Сарытоғай ауылдық округін аралау барысында орта мектептің жұмысымен егжей-тегжейлі танысты. Жақында жиһазбен толықтырылған шағын орталық, асхана, спортзалдың жаңа оқу жылына тыңғылықты дайындықтан өткізілгеніне жылы лебізін айтты.

Әділ Тауфиқұлы екі жылдан бері сирень көшеттерін отырғызу дәстүрге айналған мектеп аумағын да аралап, дүние жүзінің көптеген жерінің жұрты сүйетін осы жұпаргүлдің талын екті. Өткен жылы ардагер ұстаздар еккен жұпаргүлмен бұл ағаш саны көбейе түскен еді. Жасыл желек жақсы сақталуы үшін мектеп ұжымы қолдан келгеннің бәрін жасауда.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале