Жәнібек аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Наталья Сажина және аталған бөлімнің бас маманы Рустам Аманғалиев аудандағы барлық ауылдық округтерде орналасқан жеке дүкендерде болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын біліп, зерттеді. Аталмыш бөлімнің жұмыс тобы ауылдардағы дүкен иелерін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы №282 бұйрығымен жіті таныстырды. Жұмыс тобы, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 202-бабына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерден асырылуы - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын нықтап айтты.
Н.Өтей