22.10.2015, 9:39
Оқылды: 29

Білім ордасындағы басылымдар туралы басқосу

газетЖәңгір хан атындағы БҚАТУ-ға арнайы ат басын тіреген Алматы қаласындағы «Қазақ газеттері» ЖШС өкілі, белгілі жазушы Серікқали Хасан білім ордасының студенттерімен кездесті.

Жастар аудиториясымен арадағы байланысты нығайтуға бағытталған шарада сөз алған Серікқали ағамыз «Қазақ газеттері» медиахолдингіне қарасты «Үркер», «Ақиқат», «Мысль» журналдары, «Ана тілі» «Экономика» газеттерінің тарихы, басынан өткен қиындықтары мен қол жеткен табыстары туралы кеңінен түсінік берді. Сонымен қатар бұл басылымдарда еңбек еткен, қазіргі таңда еңбек етіп жүрген ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері туралы әңгімеледі.

Шара барысында философ, ғалым Тілекжан Рысқалиев: «Жаңа дәуірде біз дүниені жаңаша бағалаймыз. Тек қана маман болу бір бөлек, оны сөйлету бір басқа дүние. Жан-жақты адам болып қалыптасу үшін қосымша ақпарат ешқашан артық етпейді. Сауатты болу, шешен болу – заман талабы. Интернеттегі дүние шала, бетіндегі қалқып жатқанын ғана ала аласың. Ал бар терең білім кітап пен газет-журналда. Соны түсінетін кез жетті» - деп жастарға үндеу тастады.

«Біз «Қазақ газеттерімен» тығыз байланыстамыз. Тіпті «Ана тілі» газеті шыққан кезден бастап жаздырып алып жүрміз. Кітап көрмелерімізде олар әркез орын алады. Мерзімді басылымдар көрмесінде әр газеттің жаңа саны қойылып отырады, дүрбелең дүниеде болып жатқан бар жаңалықты жастар назарына дер кезінде ұсынуға тырысамыз. Алдағы уақытта та бұл байланысымыз беки түседі деген ниеттеміз» - деді ғылыми кітапхана директоры  Айгүл Базарқызы.

www.zhaikpress.kz

 Айнұр Базарова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале