26.09.2015, 16:14
Оқылды: 19

Достыққа жол ашқан Еуразиялық Одақ

B Maken korei ortaligi     Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Еуразиялық кеңістіктегі ұлттаралық қарым- қатынастар. Қазақстандағы келісім мен бейбітшілікті сақтаудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» тақырыбында  халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Корей этномәдени бірлестігі ұйымдастырған жиынға облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, Мәскеу, Саратов, Самара, Орынбор облыстарының жас ғалымдары мен студентері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен жиналғандарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ел халқына тыныштық мен ұлтаралық келісім тіледі.

- Ақ Жайық еліне қош келдіңіз! - деді ол конференция қонақтарына. -  Бүгінгі конференцияның мақсаты - Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық, мәдени одақтастықты нығайту, интеграциялық үрдістердің өмірлік маңыздылығын арттыру. Президент Н.Назарбаевтың идеясынан бастау алған Еуразиялық одақ ішінде ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Ең маңыздысы - Еуразиялық ынтымақтастықтың берері мол. Әрине, бұл одақ аясында тек қана елдердің экономикасын емес, бизнесті, әлеуметтік саланы, халықтардың өзара сыйластығын,  қарым-қатынасын жан-жақты нығайтуға  болады.

Бақтияр Мәкенұлы кәріс этномәдени орталығы облыстың мәдени, әлеуметтік, экономикалық өміріне белсене араласып, халықтар арасындағы ұлттық келісім мен татулықты насихаттауда елеулі еңбек етіп келе жатқанын айтып,  аталмыш орталық басшсы М. Пакқа облыс әкімі Н. Ноғаевтың алғысхатын табыс етті.

Конференция аясында кәріс халқының салт-дәстүр күні өтті. Қатысушылар арнайы жасақталған көрмеде мәдени бірлестіктің тарихымен, ұлттық киім, тағам түрлерімен танысып, әжелердің қатысуымен баланың бір жасқа толу рәсімін тамашалады.

www.zhaikpress.kz

Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале