26.09.2015, 15:55
Оқылды: 50

«Ел жағдайын мен ойламасам...»

Akjayik jastar el jagdayin men oilamasam    ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен еліміздің әр аймағында «Жастар жарқын болашақ үшін!» профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылуда. Қыз-жігіттердің діни экстремизм мен терроризмге қарсы түсінігін, күресін шыңдайтын осындай шарада Ақжайық ауданының орталығында аграрлық техникалық колледжі студенттері, оқушылар, тұрғындар алдында аудандық мешіттің бас имамы Ерлан Айтенов сөз сөйлеп, «экстремизм», «терроризм» ұғымдарының дәстүрлі дінімізге мүлдем кереғар екенін ұғынықты баяндады. Аудан прокурорының орынбасары Ерлан Жаңбырбайұлы осындай профилактикалық шаралардың жастарды мәдени, рухани-имандылық тұрғысында тәрбиелеудегі маңыздылығына тоқталды.

Азат елдің бейбітшілігіне қауіп төндіретін кез келген құбылысқа қарсы тұру, жалған діни ағымдарға жол бермеу мақсатында «Сымбат», «Балауса», «Дарын» бишілер топтары мүшелері, ауыл жастарының қатысуымен флеш-моб ұйымдастырылды. Мұнда қазақстандық сазгерлердің әуеніне бірыңғай қимыл жасап, би өрнектерін көрсеткен 100-ден аса жас «Елдің болашағы – біздің қолымызда!», «Жігерлі жастар – тұрақты мемлекет!» деп ұрандатты.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале