9.03.2016, 11:14
Оқылды: 13

Жаңақалада оңалту бөлмесі ашылды

Janakala onaltu mekeni Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанынан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық ойын, оңалту, тынығу бөлмелері ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі Л.Хайретдинов, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім, мекеме басшылары және басқада тұлғалар қатысты.


Құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Л.Хайретдинов мүмкіндігі шектеулі жандар әрқашан назардан тыс қалмайтынын, оларды қорғап-қолдайтынын, тиесілі әлеуметтік көмектер уақытылы жеткізіліп тұратынын жеткізді. Сосын мүмкіндігі шектеулі жандар үш бірдей арнайы бөлменің ашылғанына аудан әкімдігіне ризашылық білдіріп, алғыстарын айтып, бек қуаныштарын жасырмады.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале