19.09.2016, 18:08
Оқылды: 14

Жол апаты салдарынан жүргізуші қаза тапты

skori   17 қыркүйек күні шамамен сағат 06.30-да «Лэнд Ровер» көлігінің 1995 жылғы Н. деген жүргізушісі Орал-Атырау күре жолының 56-шақырымында, Зеленов ауданы Янайкин ауылының тұсында жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Митцубиси Натива» автокөлігімен түйіскен.


БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның салдарынан «Митцубиси Натива» автокөлігінің 1975 жылғы жүргізушісі И. оқиға орнында қаза тапты.

Қазіргі кезде осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, биылғы сегіз айда 285 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 63 адам көз жұмса, 332-сі түрлі жарақат алды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале