11.11.2015, 18:19
Оқылды: 25

Заң жобасына түсінік берілді

Agenstvo  Орал қалалық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Мемлекеттік қызметтегі жаңалықтар» атты аймақтық семинар өтті  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің ұйымдастыруымен өткен семинарға Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан жүзден астам мемлекеттік қызметкер және лауазымды тұлғалар қатысты. Сондай-ақ, осы бас қосуға мұрындық болған Еуроодақтың мемлекеттік қызметке арналған жобасы және «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-ының өкілдері қатысып, сөз сөйледі.

Жиналғандарды ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев құттықтап, сәт тілік тіледі. Сонан соң, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облыстық департаменті басшысының орынбасары Қайырж ан Тоқышев қатысушыларды биыл 22 қазанда  Қазақстан Парламенті сенаты отырысында қабылданған «ҚР мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасының негізгі қағидалары және тетіктерімен таныстырды. Ол мемлекеттік қызмет туралы заң жобасының Агенттік кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат қалыптастыру мақсатында даярланғандығын атап өтті.

Еуроодақ жобасының өкілі-аға сарапшы, аустриялық маман Максимилиан Фоедингер болса, мемлекеттік қызметті жаңғырту бойынша халықаралық тәжірибе, сонымен қатар заңнамалық бастамалар саласының жалпы үрдістері туралы айтты. М.Фоедингер кез келген заң жобасын даярлау кезінде ашықтық, есеп беру, тиімділік және заңның ұлықтылығы қағидаларын негізге алу керектігін атап көрсетті. Шетелдік өкіл сыбайластық жемқорлыққа қатысты қызықты мысалдарды тілге тиек етті. Мәселен, Швецияда бөгде біреудің шақыруымен мейрамханаға барған мемлекеттік қызметкер жемқорлыққа қатысты саналады екен.

Түстен кейін аталмыш семинар жұмысы онан әрі жалғасын тауып,  соңынан қорытыланды.

www.zhaikpress.kz

СЕРПІН САЯҚ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале