11.08.2015, 19:09
Оқылды: 23

«Зорлық-зомбылыққа тап болған балалардың құқықтарын қорғау»

СЦКҚазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Ержан Сапарұлы Жиренбайдың, Астана қаласының «Көмек» уақытшы тұру орталығының директоры Анна Игоревна Рыльдің қатысуымен  «Зорлық-зомбылыққа тап болған балалардың құқықтарын қорғау» тақырыбына брифинг өтті.

ҚР Бас прокуратурасының ақпаратына сәйкес 2015 жылдың 6 айында кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған құқықбұзушылық 28,5 %-ға (2014 жылғы 6 айда 3 908-ден 2015 жылғы 6 айда 2 795-ке дейін)төмендеді. Сондай-ақ, зорлық-зомбылық құқықбұзушылық 9,2%-ға төмендеді   (1618-ден 1394).

Қазіргі таңда балалардың құқықтарын қорғау саласында 400-ге жуық қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар белсенді ат салысуда. Үкімет жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау ведомствоаралық комиссия құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де енеді.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жанында үкіметтік емес ұйымдардың консультативтік-кеңес қызмет атқарады. Қызмет бағытының бірі зорлық-зомбылықтың алдын алу және зорлық-зомбылықтың құрбаны болған балаларға көмек көрсету жүйесін дамыту. Үкіметтік емес сектормен бірлесе отырып, халықаралық және ұлттық сарапшылардың тартылуымен балалық шақ мәселесін шешу мақсатында жобалар іске асырылуда, әлеуметтік зерттеулер, форумдар, конференциялар, дөңгелек устелдер, оқыту семинардар, тренингтер, кеңестер өткізілуде. «Біз, Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты ұзақ мерзімді әлеуметтік маңызы бар акциялар іске асырылады. «Жас МедиаKZ» халықаралық медиафестивальдар, халықаралық самиттер, «Балалар қоғамдық ұйымдар одағы» қоғамдық бірлестікпен бірге балалар қоғамдық қозғалысының көшбасшылар республикалық слеті өткізіледі.

Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамассыз етуге бағытталған бастамаларды ілгерлетуде маңызды рольді Қазақстандағы (ЮНИСЕФ) Балалар қоры атқарады.

Қазақстандағы (ЮНИСЕФ) Балалар қорының, Адам құқықтары жөнінде уәкілдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі үкіметтік емес ұйымдарымен соңғы алты жылда жеті әлеуметтік зерттеулер жүргізді. Зерттеудің қорытындысы құқықтық-нормативтік актілерді, ұсынымдамаларды және әдістемелік құралдарды әзірлеуге негіз болды.

Шығыс Қазақстан облысында Қазақстандағы (ЮНИСЕФ) Балалар қорымен және облыс әкімдігімен бірлесіп зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау бойынша модельдік бағдарламаның пилоттік жобасы іске асырылды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда зорлық-зомбылықтың және қатыгездіктің салдарынан өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға шұғыл көмекті кәмелетке томағандарды бейімдеу орталығы, дағдарыс орталықтар көрсетеді.

Қазақстан Республикасында 18 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы жұмыс жасайды, оның ішінде облыстық орталықтарда – 13, Астана, Алматы, Семей, Жезказган, Темиртау қалаларында.

Ағымдағы жылдың 6 айында КТБО -на 3838 кәмелетке толмағандар, оның ішінде, 487– ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 3254- қараусыз және панасыз қалған балалар, 46- девиантті мінез-құлық балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар, 51- өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар.

Астана қаласының «Көмек» уақытшы тұру орталығының қызметі туралы оның директоры Анна Игоревна Рыль айтып берді.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале