4.09.2015, 12:23
Оқылды: 40

«Мен Оралды сүйемін!»

жайык жарыгы (1)Жеңіс алаңындағы «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» ескерткіш тақтасының жанында кеше кеште орнатылған осынау белгі әр оралдықтың жүрегінде мақтаныш сезімін туғызары сөзсіз!

жайык жарыгыБұл - «Жайық жарығы» ЖШС-нің Қала күніне жасаған тамаша тартуы.

- Ұжымымыз болып күннен-күнге көркейіп келе жатқан сүйікті қаламызға деген зор құрметімізді білдіру үшін осындай тарту жасайық деп ұйғардық. Көрнекті жерден орын тепкен бұл ескерткіш белгі саябаққа демалуға келген жандарға, асыр салып ойнаған балаларға, Жеңіс алаңындағы ерліктің ескерткішіне гүл шоғын қоюға келген жас жұбайларға, жалпы, қала тұрғындарына қуаныш сыйлайды, туған қаламызға деген сүйіспеншілігімізді арттыра түседі деп сенеміз.

Белгінің түнде жарқырап жанып тұруын қадағалап отыруды біздің мекеме өз міндетіне алады, - дейді мекеме басшысы Төлеуғалиев Нұр Хамитұлы.

www.zhaikpress.kz

Айгүл Ахметова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале