11.06.2015, 11:55
Оқылды: 28

Сырым ауданында кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

Sirim jyin  Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңестің көшпелі отырысы Сырым ауданында өтті. Бұл отырысқа кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңес төрағасының орынбасары, адвокат Қоңырбай Сейдазимов,  кеңес мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Әлібек Сәтпаев, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары  Нұржан Мақсотов, осы палатаның бөлім басшысы Мағрипа Нигишева, «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Бауыржан Аяпбергенов сияқты облыс өкілдері қатысты. Жиынға  аудан әкімі Абат Шыныбеков төрағалық етті.

Баяндамада айтылғандай, өңірлік палата филиалына бүгінгі таңға дейін кәсіпкерлердің жобаларын қолдау және жетелеу бағытында жалпы соммасы 110,8 млн.теңгенің 27 жобасын жетелеу бойынша өтініштер түсіп, аталған жобалар бойынша бизнес жоспарлар дайындау, құжаттарын толық аудан орталығынан жинақтап беру және тағы сол секілді жұмыстар атқарылды. Осының нәтижесінде жалпы соммасы 82,4 млн.теңгенің 15 жобасы мақұлданып, кәсіпкерлер өз қаражаттарын алыпты. Қалған 12 жоба бойынша да құжат рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале