11.06.2015, 17:58
Оқылды: 38

Тасқалада саяси кеңес басқосты

Taskala saiasi kenes otirisi  Тасқала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалының кеңейтілген Саяси Кеңес отырысы өтті. Отырысқа Саяси Кеңес мүшелері, мекеме, бөлім, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты.

Кеңеске, «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі С.Әлиев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде үш өзекті мәселе талқыға салынды. Бірінші сұрақ бойынша «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез бастауыш партия ұйымдарындағы кейбір мәселелерді ұйымдастыру бойынша баяндама жасады.

Басқосуда аудандық филиалдың Саяси Кеңес Бюросы мүшесі Р.Мұсәлімова сөз алып, партия қатарын жаңа мүшелермен толықтыру жөнінде өз ойын ортаға салды. Сонымен бірге, ол партия мүшелерінің жауаптылық мәселесін де көтерді.

www.zhaikpress.kz

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале