8.09.2015, 9:00
Оқылды: 37

Тасқалада қоғамдық бірлестіктер бас қосты

Taskala akotau  «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың қолдауымен «Ақ отау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Менің отбасым – менің бастамам! Мен олар үшін жауаптымын!» атты семинар өтті.

Семинарға «Ақ отау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Искалиева, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психологі Т.Мурсалимова,  дәрігер маман С.Дмитрюк, сондай-ақ  «Тасқала әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы В.Завгарина мен «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Мулдашева қатысты.

Семинар жұмысында отбасы құруды жоспарлау, отбасылық құндылықтар туралы ашық ой-пікірлер айтылып, баяндамашылар дайындаған ақпараттар қатысушылардың ойынан шықты.

www.zhaikpress.kz

М.Жексенғалиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале