«ҚазТрансОйл» АҚ жылдар жүзінде төгілген, яғни тарихи мұнай қалдықтарынан бүлінген жерлерді қалпына келтірумен айналысып келеді. «Өзен-Атырау-Самара» магистралды мұнай құбырының Ақжайық ауданындағы Ақсуат, Ақжол, Мерген ауылдық округтары тұстарындағы жалпы ауданы 0,5475 гектар алқапты мердігер «Экотехникс» ЖШС технологиялық және биологиялық қалпына келтіруді мәреледі.
– Соның ішінде,-дейді Ақжайық аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Жасұлан Мақашев,- айталық, мысалы, табиғи көң төсеу, еркекшөп егу секілді кезеңдер орындалды. Бұл істердің 3 жылға дейінгі кепілдік мерзімі бар.
Болат ҚОСЖАНҰЛЫ
Ақжайық ауданы