21.06.2016, 17:32
Оқылды: 38

«Технопарк «Алгоритм» ЖШС жанындағы инновацияның өңірлік кеңсесінде дөңгелек үстел өтті

KPO sss   «Технопарк «Алгоритм»  ЖШС жанындағы инновацияның өңірлік кеңсесінде  «КНГКМ  карбонатты бұрғылау шламын залалсыздандырудың балама әдістері бойынша зерттеу нәтижелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.


          Бұған облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов, «ҚПО б.в.» компаниясы бас директорының орынбасары Марат Кәрімов, «Технопарк «Алгоритм»  ЖШС директоры Арман Есекенов, «ҚПО б.в.» компаниясының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өндірістік мәселелері бойынша бөлім басшысы Хан Кашиф Рауф, «ҚПО б.в.» компаниясының экологиялық орталығы қалдықтарды басқару учаскесінің басшысы С.Жуковский, жоба жетекшісі, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың химия кафедрасының профессоры Дина Меңдалиева, экология және биогеохимия сынақ зертханасының меңгерушісі Зарипа Қонашева және облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мержан Сатқанов пен««Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ержан Балтаев қатысты.

    Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов жобаның тиімділігі жөнінде айтып, оның ұйымдастырушыларына сәттілік тіледі.

Бұдан кейін Марат Кәрімов сөйлеп, «ҚПО б.в.» компаниясының мұндай инновациялық жобаға үлкен мән беретінін айтты.

   -Бұдан бұрын компания карбонатты бұрғылау шламын өңдеп, оны құрылыс саласында пайдалануға арналған жобаның І кезеңін қаржыландырған болатын. Бүгінгі жиында осы жобаның жалғасы, яғни екінші кезеңі  - «ҚПО б.в.» компаниясында карбонатты бұрғылау шламын  тәжірибелік-сынама жүзінде қолдану бойынша қанатқақты жобасын жүзеге асыру мәселесі талқыланбақ. Бұл жөнінде құрылтайшылар алдында мәселе қойылды, компания басшылығына ұсыныс берілді. Бұйырса, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын, - деді «ҚПО б.в.» компаниясы бас директорының орынбасары Марат Кәрімов өз сөзінде.

  Шара барысында сөйлеген «ҚПО б.в.» компаниясының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өндірістік мәселелері бойынша бөлім басшысы Хан Кашиф Рауф компанияның М.Өтемісов атындағы БҚМУ –мен ынтымақтаса жұмыс істеп жатқанын айтып, батысқазақстандық ғалымдарға және оларды қолдап отырған облыс әкімдігіне ризашылығын білдірді.

   Жиында жоба жетекшісі М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың химия кафедрасының профессоры Дина Меңдалиева мен экология және биогеохимия сынақ зертханасының меңгерушісі Зарипа Қонашева сөйлеп, жиналғандарды зерттеу жұмыстарының қорытындысымен таныстырды. Ғалымдардың сөзінше, бұл жоба жол құрылысы мен орман шаруашылығы үшін өте тиімді болмақ. Өңделген карбонатты бұрғылау шламы қосылған қоспалар ыссыға, суыққа төзімді, су оған әсер етпейді. Жергілікті жерден өндірілетін болғандықтан, бұл қоспалар пайдаланушыларға арзанға түспек.

www.zhaikpress.kz
Айша ӨТЕБӘЛІ
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале