11.02.2016, 17:06
Оқылды: 24

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚО филиалының директоры Қуанышбек Хамзин: «Өткен жылдың 18 тамызы күні шотында қанша ақша жатты, сол көлемдегі ақшаға 35,5 пайыз өтемақы төленетін болады»

«Жайық Пресс» ақпарат орталығы:

 - Қазақстандық банктер өтемақыны салымы миллион теңгеге дейінгі салымшыларға беріледі делінді. Сіздің банкте бұл қалай жүзеге асуда? Екінші сұрақ: өтемақылар доллар бағамының ауытқуына байланысты берілмек. Ал доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 185-тен 360-ке немесе шамамен 100 пайызға жуық өсті. Салымшыларға берілетін 35 пайыз өтемақы олардың шығындарын жаба ала ма?

20160211_110246-1-1

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚО филиалының директоры Қуанышбек Хамзин:


 -Елбасының берген тапсырмасы бойынша, барлық сектордағы салымшыларға өтемақы төлеу қарастырылуда. Оның ішінде 500 мыңнан астам халық осы жүйенің салымшысы болып есептелгендіктен, бұл жүйе мемлекеттің қолдап отырған бөлек тапсырмасы болатын. Басқа банктердің өтемақыны салым мөлшері 1 миллион теңгеден аспайтындарға төлеуде. Ал, біздің банк ондай шектеу қойып отырған жоқ. Бюджеттен бөлінген қаржыға қоса, өзіміздің банктің 26 миллиард теңге қаржысын бөліп отырмыз. Енді басқа банктердің жасау тетіктері басқаша. Олар тек Үкіметтің, Ұлттық банктің тарапынан бөлінген ақшаны ғана өтемақы түрінде таратып, салымы 1 миллион теңгеге дейінгі салымшыларға өтемақы береді. Бізде салымшының өткен жылдың 18 тамызы күні шотында қанша ақша жатты, сол көлемдегі ақшаға 35,5 пайыз өтемақы төленетін болады. Бұл өтемақы төлеу жүйесі екіге бөлініп жүзеге асырылады. Биыл 19,2 пайыз, келесі жылы 16,3 пайызы төленеді.

Екінші сұраққа келетін болсақ, қазіргі таңда доллардың еркін айналымдағы айырбас бағамы екі есеге дейін өсіп кетті. Қазіргі таңда 360 теңгеден жоғары. Өткен жылдың 18-ші тамыз күні 188 теңге 35 тиын болған болатын. Доллардың бағамы екі есеге өсті. Ал, біздің беріп отырған өтемақымыз 35,5 пайыз, "сонда қандай өтемақы жөнінде айтылуда?" деген сұрақ туындауда. Қазіргі таңда баспананың бағасы 18 тамызда теңгемен шыққандағы бағам. Баспананың шаршы метрі өсірілген жоқ. Кейбір елді мекендерде арзандап та жатыр. Ал кейбір сұранысы көп баспаналар, сатылатын жеке пәтерлер 15 пайызға ғана қымбаттады. Ал біздер 35,5 пайыз өтемақы төлеп отырмыз. Салымшылар пәтерлердің бағасының өзгеруінен ұтылған жоқ деп есептеймін.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале