Өткен жылы Бөкей Ордасында 65 адам жануарлардан зардап шегіп, антирабиялық көмекке жүгінсе, яғни, құтыруға қарсы екпе алса, олардың 48-і ер, 17-cі әйел адам. 2-еуі бес жасқа, 16-сы он төртке дейінгі балалар, 3-еуі кәмелетке толмаған жасөспірімдер.
Ауылдық округтерге бөлсек, сайқындықтар − 27 , ордалықтар – 8, бисендіктер – 15, саралжындықтар – 3, бөрліліктер – 2, ұялылықтар – 3, мұратсайлықтар – 7 адам. Осы 65 адамның ішінде итке қабылғаны – 43, мысыққа тырналғаны – 4, жылқыға тістелгені – 3, ине тығып алған – 1, кұтыру ауырына күдікті малмен қарым-қатынаста болған – 14. Олардың 60-ы 4 күн аралығында, 2-еуі бір апта ішінде дәрігер көмегіне жүгінсе, қалған 3-еуі бір айдан соң келген. Ұялы ауылдық округінің, Кеңой елдімекені мен Мұратсай ауылының бір-бір ірі қарасынан вирусологиялық зерттеу нәтижесінде құтыру ауруының қоздырғышы анықталды.
Р.Бақытова