3.12.2015, 19:38
Оқылды: 20

141 дана шам орнатылды

Svet   Қазіргі таңда энергия көлемін мейлінше азайтып, оны үнемді де ұқыпты пайдалану тәсілдеріне көшу еліміздегі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.


 

Көшелерге жарық беріп тұрған бұрынғы шамдарды электр үнемдегіш жарық шамына ауыстырған жағдайда электр қуаты 30-40 пайызға үнемделеді екен. Мұның өзі жарық қуатына жұмсалатын шығынды мейлінше үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта Сырым ауданына қарасты  Жымпиты ауылдық округ әкімі аппараты ауылдағы  Алашорда, Қаратаев, Қазақстан және Амангелді көшелеріне 141 дана электр үнемдегіш жарық шамын қондырды.

www.zhaikpress.kz

Е. ҚҰСПАНОВ

Жымпиты ауылдық округ әкімдігінің қызметкері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале