Жәнібек аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрпейіс Елемесовтың мәліметіне сәйкес аудан бойынша үстіміздегі жылғы сегіз айдың ішінде тұрақты жұмыспен 257 адам қамтылған.
Соның ішінде жасы 29-ға дейінгі 132 жас тұрақты жұмысқа орналасып отыр. Ал ақылы қоғамдық жұмыс орындарына биыл сегіз айда 452 адам жолданса, оның 70-і жасы 29-ға дейінгі жастар болып саналады.
Н.Жапақов