7.06.2019, 18:32
Оқылды: 43

Биыл БҚО-да 1175 студент «Жасыл елде» еңбек етеді

Оралдағы мәдениет және демалыс саябағында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XV еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті.

jasyl el (5)

Шара барысында облыстық  жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сакошев өңіріміздің гүлденуіне үлес қосқалы тұрған жас сарбаздарға сәттілік тіледі.

Маусымашарда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының таңбасы жас сарбаздарға табысталды. Сондай-ақ бұл күні «Жасыл ел» еңбек жасағына бірнеше жыл қатарынан қатысып, еңбек биігінен көрінген іргелі оқу орындарының студенттері марапатталып, Фортебанктің сыйлығына ие болды.  Соңғы үш жылда облыс аумағында 38 000 түп ағаш отырғызылып, 130 000 гектардан астам жер көгалдандырылған. Биыл аталмыш бағдарлама бойынша 1 175 сарбазды жұмыспен қамту жоспарланған.  Олардың ішіндегі 780 сарбаз аудандарда жұмыс жасамақ.

Еңбек маусымының ашылу салтанатының соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

jasyl el (1) jasyl el (2) jasyl el (3) jasyl el (4) jasyl el (6) jasyl el (7)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале