"Несие бар болса шығармайды" деген түсінік - миф. Жаз еңбек демалысының нағыз қызатын кезеңі. Көптеген адам жазда демалыс алып, шетелге шығуды жоспарлайды. Алайда олардың кейбірі шетелге шығуға тыйым салынатын жағдайлар барын ұмытып, билеті мен ақшасы "күйіп" жатады. Заңгер Айдын Темірғали BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында шетелге шығуғы тыйым салынатын жағдайлар туралы түсіндірді.

Сурет: istockphoto.com
Заңгердің сөзінше, шетелге шығуға тыйым салынатын ең жиі кездесетін себептің бірі - сот орындаушыларының қаулысы. Айдын Темірғалидің айтуынша, оған мыналар жатады:
Алимент, салықтар, коммуналдық қызмет қарыздары.Әкімшілік айыппұлдар (мысалы, жол ережесін бұзу). Сот шешімімен бекітілген кез келген жеке/заңды тұлға алдындағы борыштар. Басқа негіздер: Қылмыстық іс бойынша күдікті/айыпталушы болу, шартты түрде сотталу, мемлекеттік құпиялармен жұмыс немесе әскери шақырылым, - дейді заңгер.
Маманның сөзінше, "несие бар болса шығармайды" деген миф.
Несиенің жай ғана болуы кедергі емес. Тыйым тек мына жағдайда қойылады: мерзімі өткен қарыз болып, іс сот орындаушысына өтсе; берешек сомасы 40 АЕК-тен (2026 жылы 1 АЕК = 4 325 теңге, яғни 173 000 теңгеден) асса. Алимент бойынша мерзім 3 айдан асса, сома көлемі маңызды емес, тыйым бірден қойылады, - дейді заңгер.
Айдын Темірғали шетелге шығуға тыйым бар-жоғын алдын ала онлайн тексеру жолдары барын айтады.
Сапар алдында мына сервистер арқылы ЖСН енгізіп, бірнеше минутта тексеруге болады:
Заңгердің айтуынша, шекарада тұрып шектеу барын білген болсаңыз оны дереу төлеу қажет.
Дәл сол сот орындаушысының өндірісі бойынша банктік қосымшалар арқылы қарызды толық өтеу. Автоматты жүйе: Қазіргі жүйе бойынша төлем жасалған соң 1 сағаттың ішінде шектеу автоматты түрде жойылып, Шекара қызметінің базасына жетуі тиіс.Бірақ бұл автоматты режим 100% жұмыс істемеуі мүмкін (мемлекеттік базаларда техникалық ақаулар болуы мүмкін немесе сізде басқа да өтелмеген қарыздар болуы мүмкін). Егер ұшаққа тіркелу жабылып қалса, билет бәрібір күйеді, - дейді Айдын Темірғали.
Оның сөзінше, заң бойынша, қарыз толық өтелген соң, сот орындаушысы 3 жұмыс күні ішінде атқарушылық өндірісті тоқтатып, тыйымды жоюға міндетті.
Іс жүзінде электронды төлем жасалғанда база бірнеше сағатта немесе 1 күнде жаңарады. Дегенмен, қауіпсіздік үшін бұл процесті алдын ала реттеген жөн, - дейді маман.
Заңгер қарапайым азаматтар жиі жіберетін қателіктер туралы айтты.
Негізгі қателік - айыппұлды төлей салып, "базадан өзі өшеді" деп сот орындаушысына хабарламау. Сонымен қатар, шетелге шығардан 1-2 күн бұрын ғана тексеру де қателік болып саналады. Кей жағдайда қарапайым азаматтар СМС-хабарламаларды елемей жатады, - дейді маман.
Заңгер шетелге билет сатып алмас бұрын немесе ұшуға кем дегенде 10-14 күн қалғанда АИС ОИП базасынан өзіңізді тексеріп, қарызыңыз болса, оны алдын ала төлеп, тыйымның ресми түрде жойылғанына көз жеткізу керегін айтады.