23.12.2019, 18:13
Оқылды: 45

Атыраулықтар оралдықтармен тәжірибе алмасты

Батыс Қазақстан облысының азаматтық орталығына Атырау облысының үкіметтік емес ұйымдары тәжірибе алмасу мақсатында келді.

aibolat (1)

Негізінен «Азаматтық орталық» келесі функцияларды жүзеге асырады: орталыққа жүгінген жағдайда ҮЕҰ-ға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттар, сыйақылар беру бойынша конкурстық рәсімдерге қатысу үшін құжаттар дайындауға әдістемелік көмек көрсету, әлеуметтік маңызы бар салада іс-шаралар өткізу кезінде материалдық-техникалық көмек көрсету мен ұйымдық ықпал ету. ҮЕҰ кадрлық әлеуетін арттыру үшін тренингтер мен семинарлар өткізу, ротациялық (бекітусіз) негізде іс-шаралар өткізу үшін үй-жайды қысқа мерзімге ұсыну, ҮЕҰ қызметін дамыту және тиімділігін арттыруға бағытталған ақпараттық, консалтингілік және білім беру қызметтерін көрсету, азаматтық сектор арасындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жүйесін дамытуға ықпал ету, бизнес – ҮЕҰ – мемлекет сектораралық әлеуметтік серіктестігін дамыту, мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыруды ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету.

aibolat (2)

Сондай-ақ орталықтың жұмысы аясында көшпелі семинарлар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен айналысатын мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін семинар-тренингтер, ҮЕҰ арасында «Ең үздік әлеуметтік жоба» байқауын ұйымдастыру да басты міндеттердің бірі.

Бұл жолғы атыраулық делегация құрамында «Jarqyn Bolashak» ҚБ өкілдері Д. Ғасырбек, Н.Сүйеуқызы, «Нейбарт» ЖК И. Нейбарт, «Ер жүректілер» ҚБ өкілі Г.Утебалиева, «Ақжол» ҚБ Қ.Құрмашев, «Атырау облысының азаматтық орталық» маманы А.Баяндықызы болды. Ал Батыс Қазақстан облысы атынан «Азаматтық орталық» жетекшісі А.Курумбаев, «Нұр» ҚБ директоры Г.Франк, «Мейірім» ҚБ жетекшісі Э. Бекказиева, «Altyn dombyra» ЖК Ж.Сейтахов, «Суретші шеберханасы» ЖК Б. Жумабаев, волонтерлар М.Муксинова, Қ.Жубанышевалар әлеуметтік кәсіпкерлік пен жобалау туралы айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті, кейбір сұрақтарға тұшымды жауап та берілді. Әрі болашақта бірлесіп жұмыс істеу бағытында нақты жоспарлар құрылды.

Айболат Құрымбаев

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале