10.01.2023, 11:30
Оқылды: 147

Басқарманы да сынады, мердігерге де ескертті

Кеше облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 облыстық мамандандырылған мектеп-лицейді күрделі жөндеу жұмысымен танысты.

2736D2DD-69AA-4ABC-90B9-38A166611CFA

Мәселенің мән-жайына қаныққан өңір басшысы құрылыс жұмысында кемшілікке жол берген тапсырыс беруші – облыстық білім басқармасының жұмысын сынға алды. Оқушыларға жағдай жасау аса маңызды екенін айтқан Нариман Төреғалиев жобаға жауапты құрылымдардың басшыларына ескерту жасады.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жауапкершілікті мойнына алып, бірақ жұмысын уақтылы аяқтамаған мердігер – «Градстройсервис» ЖШС-ға мектеп ғимаратын заң аясында белгіленген мерзімде тәмамдауды тапсырып, нәтиже болмаса, оның сотқа тартылатынын мәлімдеді. «Сіздердің немқұрайлы қарекетіңізден оқушылар мен мұғалімдер зиян  шекпеуі  тиіс», - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, аталмыш мердігер Ақжайық ауданындағы мектептің де күрделі жөндеуін аяқтай алмай жүр. «Градстройсервис» басшысы жобалау кезінде әу бастан кеткен қателіктер білім ошағының уақтылы салынбауына кедергі екенін айтып ақталды. Облыс әкімі құрылыс басқармасының басшысы мен мердігерге орындалу мерзімінен кеш қалып отырған нысандарды тез арада бірлесіп тексеріп шығуды тапсырып, жұмыс кестесін белгілеп, құрылыс сапасы мен жұмсалған қаражат есебін қатаң бақылауға алуды жүктеді.

FA2F48AA-005C-4898-88F8-88337FFE7CDE

8519CC6F-ED77-417F-B67C-A151913A7D16
B3C3E74A-783C-45A6-BF00-B62321AE93C4
Нұртай
Текебай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале