Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын іске асыру шеңберінде өңірде рұқсатсыз салынған 132 қоқыс үйіндісі жойылды, деп хабарлайды БҚО прокуратурасы.

Фото: zhaikpress.kz фотомұрағатынан
Жыл басынан бері «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ жүргізген ғарыштық мониторинг пен уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен рейдтік іс-шараларының нәтижесінде анықталған заңсыз қоқыс орындары осындай шаралар арқылы тазартылды.
Заңсыз қоқыс үйінділерін жою бойынша тиісті шаралар қабылдамағаны үшін прокурорлық қадағалау актісі негізінде Орал қаласы Круглоозерный кентінің әкімі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 344-бабының 3-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 432 мың теңге көлемінде айыппұл салынды және өндірілді. Қалған қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жалғасуда және бұл мәселе прокуратураның тұрақты бақылауында.
Сонымен қатар мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсіндіру және ақпараттық-насихаттау жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.