8.04.2020, 15:02
Оқылды: 152

Бірлігі берік жұртпыз

 

Баюканский Феликс Аркадьевич

Біздің қоғамдық бірлестік мүшелері Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін тағатсыздана күтті. Тәуелсіздік жылдарынанбері қиын-қыстау кезеңде де, қуанышты сәттерде де Елбасы халықпен бірге. Жер бетін індет жайлап жатқан сәтте Қазақстан халқына қаратып айтқан әр сөзі өте маңызды. «Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздермен біргемін», – деп айтқаны біз үшін зор демеу. Тұңғыш Президентіміздің сарабдал саясатына, салмақты сөзіне ешқашан күмәнданған емеспіз. Талай қиындықты басымыздан кешірген, бірлігі мызғымас елміз. Ынтымақ пен бірлік арқасында індетін қатеріне тосқауыл қойып, ұлт болып ұйысып, аман-есен өтетімінімізге сенемін.

Феликс БАЮКАНСКИЙ,

«Ламед» БҚО еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале