28.04.2021, 20:48
Оқылды: 156

БҚО-да 720 бала коронавирус жұқтырған

Батыс Қазақстан облысында биыл 720 бала коронавирус жұқтырған. БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, өткен жылдың қыркүйегінен бері індет табылған балалар саны 925-ке жетті.

210428152225832a3782046i

Облыста барлығы 18877 адам тіркелсе, соның 10700-інде ауру белгілері бар, 8177-сінде симптомы болмаған.

Ауырғандардың 14725-і жазылып шықса, соның 6735-і стационарда, 7990-ы амбулаторлық ем алды. 275 адам өмірден озды.

Соңғы тәулікте 173, бір аптада 1139 адамнан коронавирус анықталды.

Пневмонияға шалдығып, стационарға түскендер саны – 461.

Қазіргі кезде инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына 2, инвазивті емес сондай құрылғыға 20, оттегі концентраторына 12, орталықтандырылған оттегі көзіне 137 адам қосылған.

Өңірдегі 1115 төсектік 11 инфекциялық стационарда 600 науқас жатса, соның 39-ы жансақтау бөлімшесінде.

Сондай-ақ 195 төсектік 4 карантиндік стационарда 7 адам ем қабылдауда.

Дереккөз: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале