23.04.2026, 19:00
Оқылды: 4

БҚО-да ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен жиын өтті

Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен «Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты І форум аясында «Ұлттық идеология: қоғам бірлігі мен тұрақтылығының негізі» тақырыбында мазмұнды жиын өтті.

95f44023-d529-4bc7-aa4b-4f8493ce013c

Шара барысында ауыл әкімдерінің атқарып жатқан жұмыстары сараланып, ел бірлігін нығайтудағы маңызды бағыттар талқыланды. Жиынға қатысқан Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Кадралиев ауыл әкімдерін өңірдегі әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы еңбектерімен құттықтап, облыс әкімі Нариман Төреғалиұлының алғысхаттарын табыстады.

cd0d7981-0b88-4bd7-90ff-cbf3a2867366

Өз сөзінде Дархан Кадралиев:
«Ауыл – мемлекеттің тірегі, елдігіміздің алтын қазығы. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – халықтың әл-ауқатын арттыруға, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды миссия. Ұлттық идеологияны қалыптастыруда ауылдың рөлі ерекше, сондықтан сіздердің бастамаларыңыз бен жауапкершіліктеріңіз әрдайым жоғары бағаланады», – деп атап өтті.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медхат Мұсаұлы ауылдардағы мәдениет саласының маңыздылығына тоқталды.

Ол өз сөзінде:
«Мәдениет – ұлттың рухани өзегі. Ауылдағы мәдени ошақтар тек өнер мен дәстүрді сақтап қана қоймай, жастарды тәрбиелеуде, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде басты рөл атқарады. Сондықтан ауыл мәдениетін дамыту – тұтас қоғамның болашағына салынған инвестиция», – деді.

1e75d512-82ba-4d2a-af15-f16bf154910f

Жиын барысында білім беру саласы, діни тұрақтылық, бала психологиясымен жұмыс жүргізу мәселелері де кеңінен қозғалды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. Сұрақ-жауап форматында өткен талқылау ауыл әкімдеріне жаңа бағыттар мен тиімді тәсілдер жөнінде тың мәліметтер алуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, форум аясында журналист Нұрлыбек Рахмановтың «Әкімдердің халықпен және БАҚ-пен коммуникациясы. Ғаламторда сандық технологиялармен тиімді жұмыс» тақырыбында семинар-тренингі өтті. Тренинг барысында спикер әкімдердің халықпен ашық әрі тиімді байланыс орнатуы, ақпаратты уақытылы әрі нақты жеткізу мәселелеріне кеңінен тоқталды. Ол әлеуметтік желілерді сауатты жүргізу, ресми парақшаларды жүйелеу, жалған ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдері туралы айтып өтті.

972b5912-1e49-437a-9803-735f4f795f2e

Сондай-ақ, БАҚ өкілдерімен өзара тиімді қарым-қатынас орнату, баспасөз хабарламаларын дұрыс әзірлеу жөнінде нақты ұсыныстар берілді. Нұрлыбек Рахманов цифрлық технологияларды тиімді пайдалану әкімдердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, халықпен кері байланысты күшейтетінін атап өтті. Ол тәжірибелік мысалдар келтіріп, қазіргі ақпараттық кеңістікте жеделдік пен ашықтықтың маңызы зор екенін жеткізді.

Семинар-тренинг интерактивті форматта өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, тәжірибелік кеңестерге қанықты.

Форум қорытындысында ауылдық округ әкімдері алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеп, өңірдің дамуына жаңа серпін беруге дайын екендіктерін жеткізді.

Бекзат Қанәділ

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале