19.09.2019, 16:44
Оқылды: 114

БҚО-да «Бақытты отбасы» бағдарламасымен 2 отбасы баспаналы болды

Бұл жайлы Өңірлік коммуникация қызметі өткізген брифингте Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшының міндетін атқарушы Қайрат Мұхамбетқалиев мәлімдеді.

kayrat

«Бақытты отбасы» бағдарламасы – тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жылдық 2 пайызбен тиімді шарттармен жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған несие. Бұл бағдарлама көп балалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасыларға арналған. Осы бағдарлама арқылы жаңа салынған үйлерден жаңа пәтер, қолданыста болған үйлерден пәтер немесе жеке тұрғын үй сатып алуға болады.

Қайрат Мұхамбетқалиевтің айтуынша, бағдарлама аясында Батыс Қазақстан облысына 261 пәтерді сатып алуға 2,1 млрд.теңге бөлінген.

Бағдарлама жүзеге аса бастаған 2019 жылдың 18 шілдеден бері Орал қаласы және аудан әкімдіктері 423 жолдама берген. Оның ішінен 2019 жылы 11 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» филиалына 362 азамат жүгінді. Бүгінде банк 48 өтінімді мақұлдады. 107 өтінім қабылданбады, 69 өтінім қарастырылуда. Сонымен қатар банк мақұлдаған өтінім ішінен 1 отбасы баспана тауып, алғашқы төлемін төлеп, банктің қорытынды шешімін күтуде. Ал 2 отбасы баспаналы болды: Оның бірі – Жәнібек ауылының 5 балалы отбасы. Олар Орал қаласындағы Зашаған кентінің Жәңгірхан көшесінен 2 бөлмелі пәтер сатып алды. Екіншісі – мүгедек баласы бар екі балалы Орал қаласының тұрғыны. Оларға Тайманов көшесінен 2 бөлмелі пәтер бұйырды.

Бағдарламаның шарттары мына жерде: «Бақытты отбасы» бағдарламасымен қалай үй алуға болады?

Нұрлыбек Нұрланұлы

© zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале