11.03.2019, 16:35
Оқылды: 19

БҚО-да бес адамның қызылшамен ауырғаны белгілі болды

Батыс Қазақстан облысында қызылшамен ауырған бес адам тіркелді. Соның біреуі - 14 жасқа толмаған бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

kor
Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Валентина Кенжеғалиеваның айтуынша, Бәйтерек ауданында - 1, Сырымда - 2 және Орал қаласында тағы екі адамның ауырғаны белгілі болды.

         Олардың біреуі - мектеп оқушысы, 1 медицина қызметкері мен 1 қызметші, екеуі жұмыссыз.

         Күн сайын қызылша ауруына қатысты мониторинг жүргізілуде.

         Қызылшамен ауырғандармен байланыста болған 418 адамға медициналық бақылау орнатылды. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 39 адам егілді.

         Елімізде осы ауру түрінің көбеюіне байланысты 33 баланың ата-анасы екпеге деген көзқарасын өзгертіп, вакцина салдыруға келісті.

         Айта кетейік, ауру адам арқылы жұғады. Қызылшадан қорғанудың жалғыз тиімді жолы - вакцинация. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале