БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
7 Маусым 2023

БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

30.03.2023, 12:45
Оқылды: 64
БҚО-да бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде

Дәл қазір Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде.

AEC701FD-A948-42D9-B673-F4D43106C183

Бос орындар жәрмеңкесіне облыстың ірі өндіріс ошақтары мен кәсіпорындары, Орал қаласы мен аудандық мемлекеттік мекемелері (денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт салалары және ЖОО, АОО оқу орындары т.б.) қатысуда.

8F0AE372-4E5B-487C-8AAA-F2CACBA8A592

– Бүгін облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастарға жұмыс» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде. Шараның мақсаты – жұмыссыз жастардың мүмкіндіктерін кеңейту, олардың жұмысқа орналасуына ықпал ету. Шараға 55-тен астам облысымыздың ірі өндіріс ошақтары, мемлекеттік мекемелер, басқармалар қатысуда. Қазіргі уақытта 1 800-дей бос орындары бар.

Жәрмеңкеге 18 бен 35 жастағы 100-ден астам жұмыссыз жастар қатысады деп жоспарланды. Одан бөлек «Отбасы банк» тұрғын үй жөнінде кеңестер беруде. Орал қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары жөнінде ақпараттармен қамтуда. Шараға қатысушы жастардың дені – түлектер. Аталмыш шара 3 ай сайын өтеді. Одан қала берді жастар жәрмеңкені күтпей-ақ, біздің орталыққа келіп бос жұмыс орындары жөнінде сұрай алады, - дейді БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Жұлдыз Әкімбекқызы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале