27.11.2019, 16:56
Оқылды: 127

«БҚО-ның қауіпсіз жолдары» жобасының нәтижесі баяндалды

Орал қаласындағы оқушылар мен жастар сарайында «Батыс Қазақстан облысының қауіпсіз жолдары» шарасы өтті. Оған облыс әкімі Ғали Есқалиев, Италияның Қазақстандағы елшісі Паскуале Д' Авино, Шелл және Эни компанияларының ресми өкілдері, көлік жүйесін дамытудың тұрақтылығы мен қауіпсіздігі бойынша Шығыс Альянсының (EASST), облыстағы жол қозғалысы қауіпсіздігі стратегиясы бойынша жұмыс тобының мүшелері қатысты. Наурыз айының 5-і күні облыс әкімдігі мен аталған компаниялар және EASST ұйымы өкілдері меморандумға қол қойған еді. Жиында меморандум аясында жүзеге асқан «БҚО-ның қауіпсіз жолдары»жоба нәтижесі баяндалды.

akim (9)

Кездесуде облыс әкімі Ғали Есқалиев жол қауіпсіздігіне байланысты күрделі ахуал қалыптасып отырғанын айтты.

– Жыл сайын адам өлімімен аяқталатын жол-көлік апаттары азаймай отыр. Тұңғыш Президент тапсырмасына сәйкес, еліміз дамыған 30 мемлекет қатарына енуге дайындалуда. Соған байланысты жол-көлік оқиғаларының салдары басты индикатор ретінде есепке алынады. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жобаны жүзеге асырушы компания жарты жыл бойы жұмыстанды. Алғаш ретін ашық алаңда бұл бағытта басты мәселелерді талқылауға жиналып отырмыз. Облыстағы жол қозғалысы қауіпсіздігі стратегиясы бойынша құрылған жұмыс тобын үш жыл жұмыстанып, нәтижесін ұсынуы тиіс. Көлік апаты салдарынан ауыр қазаға ұшырағандардың отбасыларына мезгілсіз ажал оңай тиіп жатқан жоқ, - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

akim (7)

Кездесуде сөз алған Италия елшісі Паскуале Д' Авино Еуропа мен Азия жігінде орналасқан өңір басшысы аталған жобаға қолдау білдіргеніне алғыс айтты. Жиында Эни және Шелл және EASST компаниялары мен «Гауһар жол» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырған жоба барысы баяндалды. EASST сарапшысы, жоба менеджері Татьяна Михайлованың айтуынша, 2019 жылдың маусымы мен қазан айларында біраз іс-шара атқарылған. Мәселен, жол қауіпсіздігіне қатысты полиция қызметкерлеріне, мұғалімдерге, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен азаматтық қоғам өкілдеріне арналған тренинг өткізілген. Бала оқытатын мекемелерге жол қауіпсіздігіне байланысты білім пакеті ұсынылған. Орал қаласындағы қауіпті жол қиылыстары мен жүргінші жолақтарына қатысты мәліметтер жинақталып, аудит жүргізілген. Қауіпсіздік белдігі және балаларды ұстап тұруға арналған бекітпенің болуы, жылдамдықты арттыруға қатысты әлеуметтік зерттеулер қолға алыған. Жоба үйлестірушілері полиция қызметкерлерімен бірге жол қауіпсіздігіне байланысты өткізілген акциялар мен құқық қорғау шараларына, ақпараттық-түсіндіру жұмысына қатысқан. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты өңірлік стратегия жұмысы таныстырылды.

akim (14)

Облыс әкімі Ғали Есқалев Оқушылар мен жастар сарайындағы балаларға арналған жол қауіпсіздігі алаңының ашылуына қатысып, «Шелл» концернінің өкілі Оливье Лазармен бірге лентаны қиды. Төменгі қабатта орналасқан кабинетте балалар үшін шеберлік сағатын өткізуге арналған екі мобильдік алаң мен екі арнайы бұрыш бар. Кабинет ішінде жол қауіпсіздігі белгілерін түсіндіретін тақта орналасқан. Бөлменің еденіне асфальт жабындысы мен жүргінші жолағы суреті салынған және шағын бағдаршам іске қосылған. Жыл сайын 10 мың бала жол қозғалысы ережелері мен жол қауіпсіздігіне байланысты теориялық және практикалық тұрғыда сабақ алады. Сабақ виртуальды ойын арқылы да жүргізіледі.

akim (16)

Нұртай Текебаев

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

zhaikpress.kz

akim (2) akim (13) akim (18)akim (17)

akim (19)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале