5.11.2026, 15:30
Оқылды: 3

Цемент зауытын салу жобасы талқыланды

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Қытай Халық Республикасының Jiangxi Provincial Building Materials Group және SINOMA-CDI компанияларының өкілдерімен кездесті. Тараптар Тасқала ауданы аумағында цемент зауытын салу жобасын талқылады.

887367191_18666828409028162_8463669198679195050_n — копия

Жалпы құны 70,2 млрд теңгені құрайтын кәсіпорын жылына 1 миллион тонна цемент өндіруге қауқарлы болады. Жоба жүзеге асқан жағдайда 300 тұрақты жұмыс орны ашылады.

887367191_18666828409028162_8463669198679195050_n

Тараптар өндіріс орнын қажетті инфрақұрылыммен қамту, құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде жүргізу мәселелерін қарастырды.

890188573_18666828391028162_5398765843839384801_n

Аймақ басшысы өңдеу өнеркәсібін дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу және шетелдік инвестиция тарту өңір экономикасының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ жауапты басқармаларға инвесторлармен бірлескен жұмысты жандандырып, жобаны жүзеге асыруға қатысты мәселелерді шешуді тапсырды.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале