5.11.2026, 21:00
Оқылды: 0

Елена Рыбакинаның WTA қорытынды турниріндегі қарсыластары анықталды

8-15 қараша аралығында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін WTA қорытынды турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның топтық кезеңдегі қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚР ҰОК.

IMG_20261105_181335_305_edit_6095103006684

Фото: olympickz

Жеребе қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы бірінші топқа түсіп, америкалық Кори Гауфф, Джессика Пегула және чехиялық Линда Носковамен кездеседі.

​Екінші топқа Арина Соболенко, Мирра Андреева, Элина Свитолина және Каролина Мухова кірді. Топтық кезеңде әр теннисші үш матчын өткізіп, үздік шыққан екі спортшы жартылай финалға жолдама алады.

Айта кетейік, Елена Рыбакина – бұл доданың қазіргі чемпионы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале