29.08.2019, 18:47
Оқылды: 87

Енді ит пен мысыққа микрочип орнатылады

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХҮІІІ сессиясында «Елді мекендердің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары» бекітуге ұсынылды. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағанбетовтің айтуынша, жаңа қағиданың жобасы қоғамдық кеңес, қала тұрғындары, жануарлар дүниесін қорғау ұйымдары мен БАҚ өкілдері алдындағы қоғамдық тыңдалымда талқыланған.

 4ipirovaniye

-Бүгінде бұралқы ит-мысық жүрген жер тұрғындар үшін қауіпті орынға айналып келеді. Ауру таратудан бөлек адамға шабуы жиілеген. Көбеюінің басты себебі – саяжайларда жазда ұстап, қысқа қарай тастап кетуі, қараусыз қалдырып жоғалтуы, бұралқы ит пен мысықтың ішінде ұрғашысының көптігі. Шетел тәжірибесіне қарасақ, оларды аулап, зарарсыздандырып, чип орнатып, қайтадан ортасына жібереді. Қараусыз қалдырған адам заң алдында жауап береді, қомақты айыппұл салынады. Қазіргі біздегі қағидаларға сәйкес, ит-мысықтар клиникалар мен ветстансаларда міндетті тіркеуден өтіп келеді. Жаңа жобада ит-мысықтар міндетті түрде бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға тіркеледі. Иесінің төлемі есебінен жануарға микрочип енгізіледі. Ветеринарлық паспорт беріледі. Микрочипте иесі туралы мәлімет, оның мекенжайы, байланыс нөмірі, жануардың аты, жынысы, тұқымы жайлы толық ақпарат қамтылады,-деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағанбетов.

875b9c501fe72ef7127348b31b9df979_XL

Жаңа жоба «Ауланған таза тұқымды және қарғыбауы бар иттер 3 күн бойы бағып, күтіледі. Егер иелерінен хабар болмаса олар қаңғыбас болып танылып, дені саулары клиникалық жағдайда зарарсыздандырылады, кестіруге жатады. 3-7 күн өткен соң кері мекендеу ортасына тасымалданады» деген мәтінмен толықтырылған. Чипі бар иттер ұсталса, бірден мәліметі сканерленіп, сол жылы ветеринарлық өңдеуден өткен болса сол жерде босатылады.

тері астына енгізілетін микрочип

тері астына енгізілетін микрочип

Микрочип пен ортақ база стерильденген жануарларға қайта-қайта ақша жұмсаудан құтқарып, жыл сайын бюджеттен бөлінетін қаржы азайтыла бермек. Жобаны депутаттар бірауыздан қолдады.

Нұрлыбек Нұрланұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале