Грекия парламенті 2026 жылғы 23 қазанда 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салатын заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Фото: QazAqparat_kz
Шектеу 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Заң жобасын тек биліктегі «Жаңа демократия» партиясы қолдады. Негізгі оппозициялық күштер оған қарсы дауыс берді немесе қалыс қалды. Талқылау 16 сағаттан астам уақытқа созылды.