Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлім етті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент елімізде ең төменгі жалақы мөлшері кезең-кезеңімен артатынын атап өтіп, оны 110 мың теңгеге дейін жеткізуді тапсырды.
Мемлекет басшысы бұл маңызды қадам 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылуы тиіс екенін қадап айтты. Аталмыш бастама шамамен 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджет саласынан жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің әл-ауқатын жақсартуға тікелей ықпал етпек.