5.11.2026, 9:45
Оқылды: 28

Қауіптің алдын алуды ертеңге қалдырмаңыз!

Жылыту маусымында пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау аса маңызды. Пештің немесе мұржаның ақауы, сондай-ақ бөлменің дұрыс желдетілмеуі өртке және улы газбен улануға әкелуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жазды.

b0a3b3aa024986ed42b6fce8a6cec773b4561d81e52ef4acb14389c50e2288da_1280x720

Сондықтан қауіптің алдын алу үшін:

Пеш пен мұржаның жарамдылығын тексеріңіз;

Түтін шығатын жолдардың бітелмегеніне көз жеткізіңіз;

Үй-жайдың тұрақты әрі дұрыс желдетілуін қамтамасыз етіңіз;

Улы газ датчигін міндетті түрде орнатыңыз;

Пешті қараусыз қалдырмаңыз және жанғыш заттарды оның маңында сақтамаңыз.

Бір датчик бір отбасының өмірін сақтап қалуы мүмкін!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале