Елордада Туризм жəне спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық мəселелеріне арналған кеңес өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы толық жасақталды. Құрамаға 155 спортшы, 49 жаттықтырушы жəне жарысқа қатысуды қамтамасыз ететін өзге де мамандар енді. Делегацияның барлық мүшесі бірыңғай спорттық киіммен қамтамасыз етілді. Команданы даярлау жұмыстары Ұлттық жəне ат спорты түрлері орталығының үйлестіруімен өңірлік спорт басқармалары жəне ұлттық спорт федерацияларымен бірлесіп жүргізілуде.
