5.08.2026, 23:00
Оқылды: 54

Қазақстанда «интерн-дәрігер» ұғымы ресми түрде бекітілмек

Tengri Health хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігі «интерн-дәрігер» ұғымын ресми түрде бекітетін бұйрық жобасын әзірледі. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

медицина ЖП Бөрлі

Фото: zhaikpress.kz фотомұрағатынан

​Ұсынылып отырған жаңашылдықтар болашақ дәрігерлерді сапалы даярлауға және медициналық көмек көрсету қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. «Интерн-дәрігер» мәртебесін заңды түрде айқындау жас мамандардың құқықтары мен міндеттерін нақты белгілеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ министрлік білім беру ұйымы, жұмыс беруші және интерн арасында үшжақты келісімшарт механизмін енгізуді ұсынуда. Бұл тәсіл тараптардың жауапкершілігін біліп, түлектерді жұмысқа орналастыруды жеңілдетеді.

Құжатты қоғамдық талқылау 2026 жылдың 19 тамызына дейін жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале