5.01.2020, 16:23
Оқылды: 245

"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстаздарына" 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді

Президент Қ.Тоқаев мұғалімдерге қатысты екі заң жобасына қол қойды.

образование

 Олар: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Педагог мәртебесі туралы" заң.

"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасы 21 баптан тұрады және жарты миллионнан астам ұстаздың жұмысына қатысты. Жалпы, заң жобасы төрт бағытты қамтиды.

Бірінші, ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту;

Екінші, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту;

Үшінші, материалды емес стимул тетіктері;

Төртінші, материалдық ынталандыру.

Заң жобасындағы негізгі ережелер:

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, орта білім мекемелеріндегі педагогтардың нормативтік оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа төмендету жөнінде норма бекітілді;

 Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесі үшін әр ай сайын мектеп ұстаздарына 10 АЕК (25,5 мың теңге) мөлшерінде үстеме ақы төлеу;

  • Сынып жетекшілігі және дәптер тексергені үшін төленетін ақыны екі есеге арттыру;
  • Біліктілік санаты үшін мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының жалақысын 30-дан 100% ға дейін қосымша ақы төлеп арттыру;

Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру;

Халықаралық конкурсттар мен жарыстардың жеңімпаздарын, түрлі олимпиадалармен спорттық жарыстардың лауреаттарын даярлаған педагогтерге 3 лауазымдық жалақыға дейін біржолғы сыйақы төлеу;

"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік марапат тағайындау және иегерлеріне 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы сыйақы төлеу.

- 42 күн демалатын педагогтердің демалыс уақытын 56 күнге ұзарту;

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бірнеше заңға қол қойды.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";

"Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";

"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы";

"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы";

"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы".

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале