Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барды.

Фото: aqorda_resmi
Сапар аясында Берлин қаласында ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер өткізу жоспарланған. Тараптар бұл кездесулерде Қазақстан мен Германия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылайды.
Бұдан бөлек, Президент Мюнхен қаласына барып, Берлиндегі бизнес-форумға және Мюнхендегі технологиялық бизнес-форумға қатысады.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, сондай-ақ жетекші жоғары оқу орындарының ректорларымен бірқатар маңызды кездесу өткізуді көздеп отыр.